Түркістан облысының білім басқармасының «№19 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
0
19 наурыз Жаңару күні

Ұлыстың ұлы күні биыл 10 күн тойланып жатыр. Елімізде Наурызнама онкүндігінің алтыншы күні – Жаңару күні. Осы күні көктемгі ағаш егу дәстүрін жалғастыру ұсынылған болатын. Бүгін, Колледж ұжымы мен Жастар ресурстық орталағы біріге отырып  Наурызнаманың онкүндігі аясында «Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, татулықтың бастауы» деген атпен ағаштар отырғызды. Жаңару айын жақсылыққа балаған ұстаздар мен студенттер 19 колледж  жатақханасының айналасы және аудандық Жастар саябағын  көшетпен көмкерді. Наурыз мерекесі аясында өткен шараға колледж басшылары және ұстаздары, студенттер сонымен қатар Жастар ресурстық орталағының мамандары қатысты.