
Омарбеков Бақыт Ербатырұлы 1956 жылдың 5 тамызында Бәйдібек ауданы Ақбастау ауылында туылған.1973 жылы осы ауылдағы Ш.Уалиханов атындағы орта мектепті бітіріп Шымкент педагогикалық институтының математика факультетіне оқуға түседі.Аталған оқу орнын 1977 жылы аяқтап, Бәйдібек ауданы С.Ерубаев атындағы орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып еңбек жолын бастайды.1978 жылы Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінде мұғалім,1980 жылы Созақ ауданы Тасты ауылы «Абай» орта мектебінде математика пәні мұғалімі және аға тәлімгер болып жұмыс атқарған.1982 жылы Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы № 32 мектепте математика пәні мұғалімі болып, 1985-1987 жылдары осы мектепте тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарады.1988-1993 жылдары Боралдай елді мекенінде О.Тайманов атындағы мектебінде математика пәні мұғалімі болса,1993 жылы Ш.Уалиханов атындағы орта мектебінде информатика пәнінің мұғалімі болды.2001 жылдан осы мектепке мектеп директоры болып қызмет атқарған.Алған марапаттары 2004 жылы Білім және ғылым министрінің «Құрмет» грамотасымен,2005 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған Президенттің Алғыс хатымен,2007 жылы екінші рет Алғыс хатымен марапатталған.2007 жылы аудандық «Жыл директоры» номинациясының иегері атанған.Осы жылы аудандық мәслихаттың «Құрмет» грамотасы мадақталса,2008 жылы облыстық мәслихаттың «Құрмет» грамотасымен марапатталады.2006 жылы облыстық «Білім ұясы» ІІ республикалық конкурсына қатысып,бас жүлденің иегері болса,осы сайыстың республикалық кезеңіне қатысып,жүлдегер атанған.2014 жылы 30 наурыздан бастап № 19 колледжге директор болып тағайындалған.

















