1958 жылы № 85 Селолық кәсіптік техникалық училищесі болып Жүзімдік машина –трактор станциясының базасында құрылған. Сол жауапты кезеңнен бастап мекемені Қорғанбаев Ноғайбай басқарған.
1958-1961 жылға дейін басшылық еткен Қорғанбаев Ноғайбайдан кейін басшылықты оның оқу ісі жөніндегі орынбасары Рүстемов Төрехан 1962 жылға дейін басқарды.
Ал 1962-1971 жылдарда ұжымды Әлжанов Сәни басқарған болатын.
1983 жылы мекеменің атауы 1993 жылға дейін № 26 Орта кәсіптік техникалық училищесі болып өзгертілген.
Осы кезеңдерде мекемені басқарған :
- 1971-1977 жылдары Тазабеков Ізмахан
- 1977-1984 жылдары Хабиев Сейілхан
- 1984-1985 жылдары Пәрменов Әбдіғаппар
- 1985-1988 жылдары Әбілқасымов Шабиден
- 1988-1989 жылдары Сәрсенбеков Әлібек
- 1989-1990 жылдары Есенбекова Қарашаш апайлар директорлық қызмет атқарған.
Осы жылдардағы даярланған мамандықтар:
1.Комбайнерде
2.Кең профильді тркторист-машинист
3.Ауыл шаруашылығының механигі
4.Автакөлік жүргізушісі
5.Шопан механизатор
6.Бухгалтер-есепші
7.Дәнекерлеу мамандығы
8.Вет.санитарда
9.Дүкен сатушысы
10.Тігінші мамандығы
11.Аспазшы
12.Электромонтер
1993 жылдан 1997 жылға дейін № 19 Орта кәсіптік техникалық училищесі
- дан 2000 жылға дейін № 19 Шаян кәсіптік техникалық мектебі
- дан 2002 жылға дейін № 19 Алғабас кәсіптік техникалық мектебі
2002 жылдан 2008 жылға дейін № 19 кәсіптік мектебі болған.
2008 жылдан 2012 жылға дейін мекеме атауы № 19 кәсіптік лицей қазыналық кәсіпорын мекемесі болып өзгертілген. Осы кезеңдерде мекемені Медеу Құдайберген басқарса,2011 жылдың мамыр айы мен 2014 жылдың наурыз айына дейін директорлық қызметті Алиасқаров Лесбек басқарды.
2012 жылдың 24 желтоқсан айынан бастап мекеме атауы № 19 колледж мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны болып осы күнге дейін өзгертілмей келеді.
№ 19 колледж мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынын 2014 жылдың сәуір айынан
бастап Омарбеков Бақыт Ербатырұлы осы күнге дейін басқарып келеді.











