2023-2024 оқу жылының 2-жарты жылдығында №19 колледж бойынша жалпы және арнайы пәндерден пәндік олимпиада өткізілді. Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: оқушылрадың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, аймақтық олимпиадарға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, оқу–танымдық қабілеттерін ынталандыру, пәндік білімдерін тереңдету, ғылымға деген қызығушылығын дамыту колледждегі білім берудің беделiн көтеру болатын.Аталған білім додасына жалпы пәндер математика,физика,информатика,қазақ тілі,орыс тілі,шет тілі,Қазақстан тарихы,биология,химия пәндерінен 42 студент бақ сынаса,өз мамандықтарының шеберімін деп өз білімдерін саралауға мамандық бойынша 40 студент қатысты.Нәтижесінде өз білімдерін дәлелдеп шыққан бірнеше студент жеңімпаз атанды.

















