Түркістан облысының білім басқармасының «№19 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
0
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы

"Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы. негізінде Түркістан облысының білім басқарамасының «№ 19 колледж» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2025-2026 оқу жылына ашылған мамандықтарға сәйкес төмендегі лауазымдар бойынша конкурс жариялайды:

  1. «Аспазшы» мамандығы бойынша 2-маман. Өндірістік оқыту шебері –1 маман. Айлық жалақы 221655тг. Арнайы пән оқытушысы -1маман. Айлық жалақы 206671.
  2. «Кондитер безендіруші» мамандығы бойынша 2-маман. Өндірістік оқыту шебері –1 маман. Айлық жалақы 221655тг. Арнайы пән оқытушысы -1маман. Айлық жалақы 206671.
  3. «Есептеу техникасы ақпараттық желілер» мамандығы бойынша бойынша 2-маман. Өндірістік оқыту шебері –1 маман. Айлық жалақы 221655тг. Арнайы пән оқытушысы -1маман. Айлық жалақы 206671.
  4. «Ветеринария» мамандығы «жануарлар мен құстарды жасанды ұрықтандыру операторы» біліктілігі бойынша 2-маман. Өндірістік оқыту шебері –1 маман. Айлық жалақы 221655тг. Арнайы пән оқытушысы -1маман. Айлық жалақы 206671.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар №19 колледж кадр бөлімінде қабылданады. тел: 8 (72548) 2-14-88, байланыс тел.87053500627, е-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Мекен жайымыз: индекс: 160525 Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, «Ұланбел-Созақ- Шолақорған-Шаян-Екпінді» 646 көшесі, 1 ғимарат

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидат хабарландыруда көрсетілген құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде ұсынады:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) педагогтардің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8 ) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Конкурсқа қатысушылар өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Негізгі функционалдық міндеттері:

- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

- жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

- оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;

- білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;

- оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;

- білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

- жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;

- білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.

Біліктілікке қойылатын талаптар:

- жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;

- және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл