Түркістан облыс білім басқармасының «№19 колледж» МКҚК колледжі төменде көрсетілген бос лауазымдарға конкурс жарияланады:
(27.08.2024 ж бос және уақытша бос орындар)
- Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Ұланбел-Созақ-Шолаққорған-Шаян-Екпінді 646, №1 ғимарат. «Автомобиль электр жабдықтарын жөндеу жөніндегі электрик» мамандығы бойынша 1-өндірістік оқыту шебері. 1-арнайы пән оқытушысы. (бос лауазым) 247891-217231 т.т.
- «Дәнекерлеу ісі» мамандығы бойынша 1 –арнайы пән оқытушысы. ( бос лауазым) 247891-217231 т.т.
- «Аспазшы» мамандығы бойынша 2-арнайы пән оқытушысы (уақытша бос лауазым) 247891-217231 т.т.
- «Есептеу техникасы және ақпараттық желілер» мамандығы бойынша 1-арнайы пән оқытушысы. (уақытша бос лауазым) 247891-217231 т.т.
- Физика пәнінің оқытушысы- 1 жүктеме (бос лауазым) 262402-222982 т.т.
- Математика пәнінің оқытушысы - 1 жүктеме (уақытша бос лауазым) 262402-222982 т.т.
- Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы -1 жүктеме (бос лауазым) 262402-222982 т.т.
- Еден жуушы - 1 жүктеме (уақытша бос лауазым) 85944 т.т.
Жалпы пән оқытушылары.
Лауазымдық міндеттері: мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады; жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі; оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады; білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді; оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады; білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді; жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды; білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламалары, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілер; мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесі; педагогика және психология, әлеуметтану негіздері, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері; басқарудың инновациялық әдістері; педагогикалық этиканың негізгі нормалары; экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелері.
Біліктілікке қойылатын талаптар: Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.
Өндірістік оқыту шебері
Лауазымдық міндеттері: Өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу өндірістік жұмыстарды, кәсіпорындарда кәсіптік тәжірибені ұйымдастырады және білім алушылардың тәрбие жұмысын өткізеді және олардың топтарда орындалуын қамтамасыз етеді. Сабақтарға құрал-саймандар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді. Білім алушыларды еңбек қауіпсіздігін сақтауды, жұмыстарды орындаудың, жабдықтарды пайдалану мен қызмет көрсетудің, еңбек ұйымдарының озат нысандарын, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсаудың тиімді тәсілдері мен амалдарына үйретеді. Оқу (өндірістік) практикасын өткізу жөнінде әлеуметтік серіктестіктермен жұмысқа қатысады. Техника қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар өткізеді. Әдістемелік комиссия, бірлестіктердің жұмысына қатысады.
Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңдарын және кәсіптік оқыту мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерін; өндірістік оқыту бойынша оқу бағдарламаларын; өндіріс технологиясын, жабдықтарын, оларды техникалық пайдалану техникасы мен ережесін; педагогика, психология, білім алушыларды кәсіптік оқыту мен тәрбиелеудің әдістемелерінің негіздерін; экономика, еңбек туралы заңнамалар негіздерін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі және өртке қарсы ережелерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Арнайы пән оқытушысы (Аспазшы,дәнекер, автокөлікке техникалық қызмет көрсету, электрогазбен дәнекерлеуші)
Лауазымдық міндеттері:
өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді; сабақтарға арналған жабдықтар мен тиісті жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді; еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, білім алушылардың еңбектің озық әдістерін, қазіргі заманғы техника мен өндіріс технологиясын меңгеруін, жабдықтарға қызмет көрсету мен пайдалануды, материалдық және энергетикалық ресурстарды ұқыпты жұмсауды қамтамасыз етеді; білім алушыларды біліктілік жұмыстарын орындауға және біліктілік емтихандарын тапсыруға дайындайды; топта өндірістік оқытуды жоспарлау, есепке алу және есептілік, кәсіптік практика, тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу бойынша құжаттаманы жүргізеді; білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді; оқу шеберханаларын жабдықтармен және аспаптармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақтылы қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды; технологиялық құжаттаманы, сызбаларды, эскиздерді, эталондарды дайындайды;
оқу үрдісінде ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды, озық педагогикалық және өндірістік тәжірибені қолданады; білім алушылардың еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария талаптарын сақтауын бақылайды; қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар жүргізеді. Әдістемелік комиссиялардың, бірлестіктердің жұмысына қатысады..
Білуге міндетті: ҚР заңдарын және АӘД байланысты арнайы оқу мен тәрбиелеуге қатысты нұсқамалық(нормативтік)құжаттарды; Психология мен педагогика негіздерін; білім алушылардың денсаулығы мен өмірлерін қорғау ережелерін; Білім туралы, Бала туралы конвенция, Еңбек заңдылықтарының негіздерін; ТЖ кезіндегі ескерту мен әрекет етудің ұйымдастыру құрылымын; Тұрғындарды экологиялық апат, ірі өндірістік апаттар,қираулар және соңғы уақытта пайда болған жарақаттаушы заттардан пайда болған қорғану мен құтқару принциптері мен әдістерін; Жарақаттанғандарға алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін.
Біліктілікке қойылатын талаптар: біліктілігі жоғары деңгейдегі маман: бейіні бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі болуы тиіс, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.
Қойылатын талаптар: Толық жұмыс күні.
Конкурс өткізу мерзімі: Хабарландыру жарияланған жеті жұмыс күні өткеннен кейін белгілейді.
Конкурс өткізілетін орын: Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы, Ұланбел-Созақ-Шолаққорған-Шаян-Екпінді 646, №1 ғимарат.Байланыс телефоны: 8(725-48) 2-14-88; 8(705-350-06-27), 8(707-658-73-78).
Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі: Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне береді:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білімі туралы мемлекеттік үлгілі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту туралы сертификат (бар болса);
10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
11) түйіндеме (резюме);
12) Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген).
- тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады. Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей қызметкерлерді басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.












